ШҚО-да көлік инфрақұрылымы саласында 114 жоба жүзеге асырылуда


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 12:00 0

Шығыс Қазақстанда биылғы жыл «Жол жылы» деп жарияланды. Соған орай көлік инфрақұрылымын дамытуға 31,5 млрд теңге қарастырылған.

«Биылғы жылдың соңына дейін жалпы құны 16 миллиард теңгені құрайтын жолдарды, көпірлер мен көшелерді орташа және ағымдағы жөндеу бойынша 114 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Барлығы 600 шақырым жолдар мен көшелерді, атап айтқанда 218 шақырым аудандық маңызы бар және 382 шақырым аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарымен жалпы 100 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады облыс әкімдігінің кезекті отырысында Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Динара Жұманова.

Облыстағы жолдардың сапасын бақылауға 6,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ облыста бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы, Осиновский асуын айналып өтетін Қалбатау – Майқапшағай, Өскемен – Рахман қайнары жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары бар.

Жобалар жүзеге асырылғаннан кейін жыл соңына дейін стандартты жағдайдағы жолдардың үлесі 93 пайызға дейін артады деп күтіледі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив