Абай облысында оқу-жаттығу кезінде бір сараз қаза тапты


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-06-2024, 10:59 0


13-маусымда оқу-жаттығу кезінде әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметкері қаза тапты. Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, сарбаз оқу-жаттығу кезінде ауыр жарақат алған.

Оқиға Аягөз ауданында гарнизон әскери бөлімдерінің бірінде болған. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалғаны аталып өтті. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетуге уәде берді. 

«Бүгін 13 маусымда арнайы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметкер ауыр жарақат әсерінен қаза тапты. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер мен лауазымды тұлғалар заң аясында тиісті жазасын алады», - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, бұл еліміздегі сарбаздарға қатысты жағдайлардың алғашқысы емес. Осыған дейін Орал, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында осыған ұқсас жағдай қайталанған болатын. Соңғы 10 жылда елімізде 220 әскери Отан алдындағы борышын өтеу кезінде қаза тапқан. Соның ішінде 90%-ында  қылмыстық сипат анықталмаған.


Әдемі Аменгелді

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив