Қытай ШҚО-да ветеринарлық зертхана жабдықтайды: сатып алатын өнімін алдын ала зерттеу үшін


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-06-2024, 18:14 0

Қытай Шығыс Қазақстан облысындағы ветеринариялық зертхананы мал шауашылығы өнімдерін сынақтан өткізетін құралдармен жабдықтайды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин. 

Қытай «Шығыс Қазақстан облысындағы ветеринариялық зертхананы Қытай стандарты бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сынақтан өткізуге және кейін Қытайға экспорттау үшін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтайды, - деді Бердалин эпизоотиялық жағдай және су тасқынынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларына келтірілген шығынды өтеу туралы брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде Алматы облысындағы бір ғана өңдеуші кәсіпорын етті Қытайға экспорттай алады. Тағы жеті кәсіпорын Қытай нарығына мұздатылған сиыр етін экспорттауға рұқсат алу үшін ҚХР реестрінде тіркеуден өтуге мүдделі. 

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктерге кәсіпорындарды Қытай реестріне енгізу тәртібіне қатысты түсіндірмелер мен алгоритмі бар хаттар жолдағанынын атап өтті. 

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан Қытайға экспортталатын ірі қара малдың сойылуы мен оның терісіне қойылатын талаптардың келісілгенін хабарлады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив