ШҚО бойынша 77,5 мың жеке тұлға декларация табыстауы қажет


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 16:31 0

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылы декларацияны ШҚО бойынша 77,5 мың жеке тұлға табыстауы қажет деп хабарлады. 

Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсына бастады.

Декларация Қазақстан Республикасы және  оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.

10 шілде күні  33,8 мың жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 44% декларацияны тапсырды. Оның 99,9%-ы декларацияны электронды түрде тапсырған. 

Бейрезиденттер, коммерциялық емес ұйымдарың құрылтайшылары және акционерлері декларацияны ұсынудан босатылды. 

Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары үшін декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі 15 қырқүйекке дейін ескертеміз. Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз. Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады, - дейді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив