Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін танымалдылыққа ие болған прокурор Айжан Аймағанова жаңа шенге ие болды. Мұны оның әлеуметтік желідегі жазылушылары байқаған.
2024 жылдың 15 шілдесінде Аймағанова өзінің Instagram желісінде прокуратурада жұмыс істеудің қиындығы туралы ой бөліскен жаңа видеосын жариялады.
Әлеуметтік желі қолданушылары прокурордың подполковник (әділет кеңесшісі) шенін таққан форма кигенін байқады. Олар бірден видео иесін құттықтай жөнелді.
«Жаңа шеніңіз құтты болсын!», «Сізді подполковник дәрежесіне жоғарылауыңызбен құттықтаймын!», «О, Айжан, жаңа шенің құтты болсын!», «Подполковник ханым, сіз әрқашан әдемісіз. Тіпті сіздің дауысыңызды сағындық!», деп жазды олар.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып, сот отырысына әділет майоры шенімен қатысқан болатын.