Қамаудағы Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:11 0

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі, 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы 2024 жылғы 23 шілдеде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


 «Бұл сотталған сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен бірге, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына сәйкес жіберілетінін хабарлаймыз», делінген хабарламада.


Бишімбаевтың қай облысқа жіберілгені көрсетілмеген. Сондай-ақ, кодекстің бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.


Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал қылмысты жасырып қалған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.


27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды. Ал 26 маусымда апелляциялық сот Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырған.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив