Құмар ойынға құныққан бауыр  ағасынан 2млн теңге ұрлаған


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-05-2024, 17:46 0

  Семей қаласының тұрғыны,  туысқан  ағасының телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, 2 млн теңге ақшасын ұрлаған.

«Сөйлесіп келемін» деп далаға шығып кетіп, "1965" (ағасының туған жылы) PIN-кодын терген.  Ары қарай телефонның ішіндегі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшасына кіріп, өз шотына 2 млн теңгені аударып алады.  Ұрланған ақша әдеттегідей құмар ойынға, яғни букмекерлік кеңсеге жұмсалады. 

Сот  сенімсіз туысқанды кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив