Жедел жәрдем қызметіне 36 жаңа көлік алынады – ШҚО 

ЖАҢАЛЫҚТАР 2-06-2025, 16:11 0

         Шығыс Қазақастан облысында жедел жәрдем қызметін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта жедел жәрдем қызметіне 36 санитарлық көлікке және санитарлық авиация үшін 3 реанимобильге қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

         Өскеменде жедел жәрдем станциясына арналған жаңа типтік ғимарат жобасы әзірленіп жатыр. Қазіргі станция 1956 жылы салынған және бүгінде ескірген.

         – Біздің тарапымыздан барлық жұмыстар істелді. Құжаттар Қазақстанның Өнеркәсіпті дамыту қорына тапсырылды. Енді шешімін күтіп отырмыз, – деді ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар.

Айта кетейік, жылдың алғашқы 4 айында "103" қызметіне 94 мың қоңырау түсіп, 21 адамның өмірі құтқарылған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив