Шығыс Қазақстан облысында ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл түрде облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары Бейбіт Смағұлов пен Шыңғыс Малипьянов "Еврокоптер" тікұшағымен 2015 жылы туған баланы Катонқарағай ауданынан облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.
– Бортта тәжірибелі санавиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Назым Бейсенбаева болды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында сапар сәтті болды, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.