Жыл басынан бері облыс орталығында 400-ден астам адам жол апатынан зардап шеккен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жылдың алғашқы бес айында қалада 300-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп деген сөз.
Өскемен еліміздегі жол-көлік оқиғалары жиі болатын қаланың бірі. Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстаннның орталығы алтыншы сатыда тұр.