Енді елдің батысындағы облыстардың уақыт белдеуін өзгерту туралы ұсыныс түсті


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 11:45 0

Алдыңғы уақыт белдеуін қайтару туралы петицияны қарап жатқан жұмыс тобының екінші отырысында еліміздің батыс облыстарында сағат тілін өзгерту ұсынылды. Мұндай ұсынысты Табиғи уақыт бойынша халықаралық альянс (IANT) ұсынған. Олардың үндеуін қолданбалы хронобиология маманы, сағат белдеуін өзгерту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Болат Нұрқожаев оқып берді.
 

Үндеуде ұйым үкіметтің шығыс аймақтарды UTC+5 белдеуіне көшіргені дұрыс, бірақ батыстағы облыстардың уақытың төртінші белдеуге ауыстыру керек делінген.

«UTC+5 – Екібастұз және Балқаш қалаларының маңында күндізгі сағат 12:00-де меридиан бойынша шаңқай түске сәйкес келетін уақыт белдеуі. UTC+5 Қазақстанның ең ірі шығыс аймақтарының бойлығына сәйкес келеді. Сондай-ақ біз батыс аймақтарды UTC+4 стандартты уақытына қайтаруды ұсынамыз», делінген IANT үндеуінде.

Айта кету керек, бұл мәселе UTC+5 уақыт белдеуінде тұратын Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары туралы болып отыр.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив