Өскеменде жас жігітті өлтіріп кеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өскеменде жас жігітті аяусыз соққыға жығып, өлтіріп кеткен. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, артынша жігіттің денесін ауруханалардың біріне жіткізген көрінеді.
Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растады, бірақ тергеу құпиясына байланысты оқиғаның мән-жайы жария етуге жатпайтынын айтты.
– Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жанжалға қатысы бар күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайлары мен себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.