Облыстың ТЖ департаменті ормандағы өрт қаупін тудыратын жағдайлар тізімін жариялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Сонымен орманыңызды өртеп алмайын десеңіз, мына әрекеттерге бармаңыз:
Өшпеген темекі тұқылын немесе сіріңкені, тұтанған шүберекті лақтыруға болмайды.
Қарағай ішіне от жағып, барбекю жасап, шоқты толық өшірмеу өрттің үлкен аумаққа таралуына себеп болады. Қарағай - ең жылдам жанатын ағаш.
Саяхатқа шыны ыдыстарды алмағаныңыз абзал. Ыстық күн сәулесіне шағылысқан шыны сынықтары құрғақ шөпті тұтатып жібереді
“Сақтықта қорлық жоқ” демекші, өз орманымыздың яғни табиғатымыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайық.
Іңкәр Төлегенқызы