Қазақстанның ең шығыс шетіндегі ауылында бір ай болды байланыс жоқ


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР / Басты 24-07-2024, 14:30 0

Қазақстанның ең шығыс шетіндегі ауылында бір ай болды байланыс жоқ

Шығыс Қазақстан облысының ең қиыр шығысында орналасқан Аршаты ауылы тұрғындарының жанайқайын еститін құлақ барма екен? Ауыл адамдары мұңын кімге шағарын білмей дал болып отыр. 

  Басынан бастайық. Ауылға 2020 жылы Теле2 ұялы байланыс операторының байланыс мұнарасы орнатылып ұялы байланыс қосылғанда қатты қуанған тұрғындардың қуанышын 2023 жылы қосылған интернет жүйесі еселей үскен еді. Ауыл тұрғындары өркениетке бір табан жақындай түсіп мобилді интернет қызметін пайдаланып, болашаққа сеніммен қарай бастаған. 

    -Өкініштісі сол, қызмет түрінің қазіргі уақыттағы жағдайы сын көтермеуге айналды. Жұмысы нашарлап кеткен ұялы байланыс соңғы күндері мүлдем өшті. Ол турал оуругтік, аудандық әкімдіктердің хабары болса да қолдарынан еш нәрсе келмей шарасыздық танытып отыр. Ал ұялы байланыс қызметіне жауаптылар бір біріне сілтеп қойылған сұраққа сиырқұймашақтатып жауап беруден танар емес, дейді ауыл тұрғыны Шолпан Рахымбаева.

Сырқы дүниемен байланыссыз қалған ауыл тұрғындарының мәселесі қалай шешілер екен. Аудан әкімдігі не дейді?
   

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив