Өскемендегі «Юбилейный» кинотеатрында 12-18 сәуір аралығында француз киносының фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл – француз кинематографиясын тануға мүмкіндік беретін мәдени шара. Фестивальді Францияның Қазақстандағы Елшілігі, Француз институты және «Юбилейный» кинотеатры бірлесіп ұйымдастырады.
Фестивальдің ресми ашылуы 12 сәуірде сағат 18:00-де болады. Бағдарламада 7 фильм - 5 көркем фильм және 2 анимациялық кинотуынды бар.
Кино күн сайын кешкі уақытта көрсетіледі. Барлық фильмдер түпнұсқа француз тілінде, орысша субтитрмен ұсынылады. Билет құны — 1500 теңге.