Қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қазір жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 18 учаскеде жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өскемен қаласының әкімі биыл жол жөндеу жұмыстары ерте басталып, қарқынды жүргзіліп жатқанын айтты.
– Өскеменде автожолдардың орташа жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл жөндеу науқаны әдеттегіден ертерек басталды. Бұл жол инфрақұрылымын жаңарту көлемі мен қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 18 учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған қоса, ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаскеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ қала әкімінің айтуынша, жөнделетін жолдар тізімі толықтырылып отыратынын, жаңа учаскелерді қосу туралы шешім қала тұрғындарымен кездесулер мен келіп түскен өтініштерді талдау нәтижесінде қабылданбақ екен.