Осы сенбіде облыс орталығында екі бірдей ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
“Алтай” көтерме-тарату орталығында (Жібек жолы көшесі, 44) өтетін жәрмеңкеде Алтай ауданының кәсіпкерлері ет және шұжық өнімдері, сүт, ірімшік, қаймақ, күнбағыс майы, көкөністерді арзан бағада саудалайтын болады.
Сондай-ақ бұл күні қала ішіндегі Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығының (бұрынғы ММС) жанында да жәрмеңке өтеді. Мұнда жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жақын маңдағы фермерлер өз өнімдерін ұсынады. Сатылымда сүт, ет және шұжық өнімдері, азық-түлік өнімдері, бал, көкөністер, жемістер болады.