Фото Өскемен әкімдігінің парақшасынан
4 мамырдан бастап Өскемен-Новосібір әуе рейсінің саны артады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұған дейін аптасына үш рейс жасалатын. Енді облыс орталығынан Новосібірге бір аптада төрт рейс жөнелтіледі.
Жаңа кестеге сәйкес ұшақтар дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Жолаушыларды S7 Airlines әуе компаниясы тасымалдайды.
– Рейстер жиілігінің артуы – бұл халықаралық бағыттағы жолаушылар белсенділігі мен сұраныстың өсуіне берілген жауап. Біз әуе қатынасы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз және жақын уақытта жаңа бағыттардың ашылатыны туралы хабарлаймыз, — деді Өскемен әуежайының президенті Серік Оразғалиев.