Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор Жеңіс Күлсейітовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Жас ғалымдардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты ХІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – жас зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсету, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, инновациялық белсенділікті ынталандыру, тәжірибе мен білім алмасу, кәсіби байланыстар орнату.
Іс-шара бағдарламасы инженерия, сәулет және құрылыс салаларындағы өзекті тақырыптарды қамтыды.
Конференцияға Қазақстаннан және алыс-жақын шет елдерден 300-ден астам жас ғалым қатысты. Қатысушылардың баяндамалары өзектілігімен және жоғары ғылыми деңгейімен ерекшеленді.
Форум қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы электронды форматта жарық көріп, кең ғылыми аудиторияға қолжетімді болды.