Тарбағатай ауданының мәдениет және спорт бөліміне автобус берілді

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 23:51 0


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Ақжар ауылындағы бірқатар құрылыс, қайта жаңғырту және абаттандыру нысандарымен танысты.
2024 жылы басталған Ақжар ауылындағы орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Сондай-ақ Ақжар ауылындағы Жамбыл көшесінде орналасқан аллеяны абаттандыру жұмыстары толық аяқталды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау мерзімі осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Облыс әкімі аудандық мәдениет және спорт бөліміне 31 орындық автобустың кілтін табыстады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив