Күнбағыс өсірудің заманауи технологиялары бойынша семинар өтті – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:00 0

Глубокое ауданы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында «Дәнді, майлы және мал азықтық дақылдар» бағыты бойынша «Күнбағысты өсіру: технология ерекшеліктері, тұқым шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау» тақырыбында семинар өтті. Семинар Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «NASE» Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының және AGRObilim.kz жобасының қолдауымен ұйымдастырылды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша егіс алқаптарын әртараптандыру, табыстылығы жоғары дақылдардың үлесін арттыру, су көп қажет ететін монодақылдарды қысқарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету және өнімділігі жоғары жаңа сорттарды енгізу – маңызды міндеттердің бірі. Шығыс Қазақстан облысы еліміз бойынша күнбағыс майын өндіруден бірінші, ал күнбағыс тұқымын өндіруден екінші орында. Сонымен қатар, егіс көлемі де жыл сайын артып келеді. Биыл күнбағыс 214 мың гектардан астам алқапқа егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық, – деді облыс Нұрымбет Сақтағанов.

Семинарға қатысушыларға күнбағысты өсірудің негізгі өндірістік жүйелері, оның агротехнологиясы, зиянкестер мен аурулардан қорғау шаралары таныстырылды. Сонымен қатар, күнбағыс будандарының тұқым шаруашылығы мен тұқымдарды жинап алғаннан кейінгі өңдеудегі сапа талаптарына қатысты тақырыптар талқыланды.

Семинар соңында ЖШС «ШҚ АШТС» басқарма төрағасы Кенжеғазы Тоқтасынов семинар қатысушыларына, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановқа да салтанатты түрде сертификаттар табыстады.

Іс-шара аясында қатысушылар демонстрациялық учаскелер мен өндірістік алқаптарды аралап көрді, сондай-ақ өңірде өсірілетін майлы дақылдар – күнбағыс пен сояға арналған көрмені тамашалады.


 

 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив