ШҚО әкімі Тарбағатайға жұмыс сапарымен барды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 13:30 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шекара маңындағы Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен барып, ауылдардың даму барысымен танысты.

Сапар бағдарламасына сәйкес Ақжар ауылында темірбетон бұйымдарын шығаратын цех, Тарбағатай аудандық ауруханасы, Қ.Билялов атындағы мектеп-лицей, балалар шығармашылығы және музыка мектебі, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аллея мен стадион құрылыстарының барысымен танысу жоспарланған.

Жұмыс сапары аясында Ақжар ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Тарбағатай ауданының халқымен кездесу өтеді.

Жетіарал ауылында облыс әкімі бұрынғы мектеп ғимаратына барып, оның базасында құрылатын оңалту орталығымен, «Қызылбұлақ» өндірістік кооперативіндегі су үнемдеу технологияларын енгізу тәжірибесін және шекара маңындағы Асусай ауылындағы су құбыры желілері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысады.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив