Шекара маңындағы аудандарда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Тарбағатай ауданында 90 орындық облыстық оңалту орталығы ашылады.
– Орталықты Жетіарал ауылындағы бос тұрған мектеп ғимаратының негізінде ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. «Қазақстан халқына» корпоративтік қорының қолдауымен және «Baquatty aimaq qory» жобасы аясында орталықты қажетті құралдармен жабдықтау және мамандарды даярлау көзделуде, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Тарбағатай, Марқакөл, Зайсан және Күршім аудандарында бір-бірімен шекаралас аймақтарда 3386 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде – 291 бала ерекше қажеттіліктері бар балалар.