Тарбағатай аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді 

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 20:11 0

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Тарбағатай аудандық ауруханасының босану бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған бөлімше 1976 жылы көпсалалы ауруханамен бірге салынған болатын, содан бері бұл ғимаратта күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Сонымен қатар перинаталдық көмектің екінші деңгейіне көшу мақсатында 280 млн теңгеге медициналық аппараттар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Оның ішінде электрокардиограф, электрохирургиялық пышақ, электрокоагулятор, функционалдық кереуеттер, УДЗ аппараты, мониторлар, тыныс алуды жасанды қамтамасыз ету (ИВЛ) құрылғылары және басқа да заманауи құралдар бар.

Бөлімше арнайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жеке операциялық бөлмемен жабдықталған.

Босану бөлімшесі 15 төсектік орынға есептелген. Оның құрамына жүкті әйелдерге, босанған аналарға және жаңа туған нәрестелерге күтім көрсетуге арналған палаталар кіреді. Мұнда акушер-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив