Цифрлық серпіліс: шекара маңындағы Марқакөл ауданында интернетке қолжетімділік кеңейтілуде

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 20:04 0

2025 жылы 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында телекоммуникация саласының қазіргі жағдайы мен байланыс қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізілді.

2023 жылғы 27 қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет «Қолжетімді интернет» ұлттық бағдарламасын бекітті. Аталған бағдарлама аясында үш негізгі бағыт қарастырылған, олардың бірі – цифрлық инфрақұрылымды дамыту. 

Байланыс операторларымен тиімді және мақсатты жұмыс нәтижесінде ауданның бірқатар ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық инфрақұрылым айтарлықтай жақсарды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде «Кар-Тел» операторы өз қаражаты есебінен Игілік ауылында антенна-мачталық құрылым орнатып, электр желілерін тартып, жергілікті тұрғындарды сапалы мобильді интернетпен және байланыспен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, қол жеткізілген келісімдер аясында ауданның тағы үш ауылы 4G байланысымен қамтамасыз етілді. Бұл шаралар ауыл халқының заманауи телекоммуникациялық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту және цифрлық теңсіздікті азайту жолындағы маңызды қадам болды.

Кеңжолақты интернетке қолжетімділік байланыс операторы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен жұмысы арқасында жүзеге асты. Жобаның негізгі мақсаты – шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін цифрлық теңсіздікті азайту және заманауи телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Интернет инфрақұрылымын дамыту – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың, білімге, цифрлық мемлекеттік қызметтерге және басқа да онлайн-сервистерге қолжетімділікті кеңейтудің маңызды факторларының бірі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив