Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған ШҚО делегациясы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясының Тверь облысының бизнес-құрылымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды bizdiң Өskemen.
Келіссөздерге Тверь облысы тарапынан «Завидово Форест» ЖШҚ, «Парма» ЖШҚ, «ЭКИПЦЕНТР» ЖШҚ сынды кәсіпорындар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов, цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимагамбетов, сондай-ақ Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков болды.
Сапар барысында делегация «Экспофорум» конгресс-көрме орталығында да болды.