ШҚО-да университет басшылығы мемлекет үлесін жекеменшікке өткізіп жіберген

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Бүгін, 11:03 0

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстандағы департаменті мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.

Алайда, 2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген.

Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын «Технопарк «Алтай» ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.

Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.

 Активтерді қайтару жұмыстары жалғасады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив