Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 18-21 маусым аралығында Ресейде өтіп жатқан «Көпполярлы әлемдегі өсімнің негізі – ортақ құндылықтар» тақырыбындағы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форумның басты оқиғасы – Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен шетелдік ресми тұлғалардың қатысуымен өткен пленарлық отырыс болды.
Форум жұмысына 140 елден 23 мыңнан астам қатысушы жиналды.
Айта кетейік, Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. ПХЭФ – бұл экономикалық сын-қатерлерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және инновациялық жобаларды іске қосуға арналған әлемдегі жетекші алаңдардың бірі.