Зайсан әуежайы: құрылыстың 40 пайызы аяқталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 10:27 0

Зайсан ауданында салынып жатқан әуежай құрылысының 40 пайызы аяқталды. Осылай деп Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы айтты.
Әуежай бұрынғы Сәтбай әскери әуеайлағының аумағында салынып жатыр. Бұл жер Зайсан қаласынан 25, Ақжар ауылынан 85 шақырым қашықта жатыр.
– Әуежайдың 40 пайыз жұмысы бітті деуге болады. 258 техника жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар саны 300-ден асады. Ұшақ қону жолының 2,6 километрі жөнделді.
15-шілдеден бастап жұмысшылар асфальт төсеуді бастайды, – деді Аэлита Ахметсәлімқызы.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив