Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин Шығыс Қазақстан облысымен, сондай-ақ жалпы Қазақстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ, ол бұл туралы жалпы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумының (ПХЭФ) күн тәртібінде атап өтті.
Форум алаңында Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Тверь облысы Үкіметі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту жөніндегі меморандумға қол қою салтанатына және келіссөздерге қатысты.
Андрей Яцкиннің айтуынша, бұл меморандумға қол қою 2025 жылғы сәуірде Тверь қаласында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 23-отырысында қол жеткізілген келісімдердің нақты нәтижесі болды.
– Тверь облысының губернаторы Игорь Руденяға және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған нақты қадамдары үшін алғысымды білдіремін. Аталған салаларда бірлескен нақты жобалардың жуық арада іске асырылатынына үміттенеміз, – деді Андрей Яцкин.