Зайсан қаласында жаңа аудандық емхана салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Зайсан қаласындағы жұмыс істеп тұрған емхана бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан, бұл емдеу мекемелерін орналастыру және санитарлық-техникалық қамтамасыз ету бойынша заманауи стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді. Сол себепті, Зайсан қаласында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхана салу жоспарда бар.
– Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2026-2027 жылдары жүргізіледі деп жоспарланған. Жаңа емхана аудан тұрғындары үшін медициналық көмекке қолжетімділікті айтарлықтай жақсартуы тиіс, – деді Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы.