Зайсан көлінде заңсыз балық аулаған үш топ ұсталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:05 0

Зайсан көлінде заңсыз балық аулаған үш топ адам ұсталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.


Бұл жедел шараны облыстық полиция пепартаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен облыстық прокуратура өкілдері бірлесіп атқарды.


Тарбағатай ауданындағы Қарақой ауылының маңында ұсталғандардан 130 келіге жуық балық, моторлы қайықтар және балық аулайтын торлар тәркіленді. Материалдық  шығын 700 мың теңгеден астам сомаға бағаланады.


Марқакөл ауданындағы Шеңгелді ауылының жағалауында браконьерлікпен айналысатын тағы екі топ ұсталды. Олардың бірінен көп мөлшерде балық аулайтын тор, моторлы қайық, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ автомобиль тәркіленді. Заңсыз ауланған балық 117 келіден асты. Залал 780 мың теңгеден асады.


Ұсталғандардың екінші тобынан жүзу құралы, балық аулау құралдары мен көлік тәркіленді. Келтірілген залал сомасы 322 мың теңгеден асады.


Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив