Шығыс Қазақстан облысында «Рахман қайнары» шипажайына апаратын Р-25 «Өскемен – Алтай – Рахман қайнары» автожолының 152 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Ішкі туризмді дамыту және туристік аймақтардың көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында, биыл еліміздің 8 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырымды құрайды, оның ішінде 2025 жылы 544,7 шақырым жолды жөндеу жоспарланған, –делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.
Аталған жұмыстар жол қауіпсіздігін арттыруға, қозғалысты жақсартуға және ішкі туризмді дамытуға бағытталған.