Қасым Қайсенов кентінде мәдениет және демалыс орталығының құрылысы аяқталуға жақын


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 3-12-2024, 23:45 0

Қасым Қайсенов кентінде 649,6 млн теңгеге мәдениет және демалыс орталығының құрылысы аяқталуға жақын. 2023 жылы 306,3 млн теңге, ал 2024 жылы 343,3 млн теңге бөлінді. Бұл орталықты салу жұмыстарын «QK SUNKAR» ЖШС жүргізуде. Ұлан ауылындағы клубқа 94,1 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Ұлан ауданының әкімі Арман Бекбосынов. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған жаңа арнайы автокөлік сатып алынды. Бұл көліктің құны – 28,9 млн теңге. 

2023 жылы «Жыл жолдары» бағдарламасы аясында Ұлан ауданында 12,8 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарға 600,4 млн теңге бөлініп, Айыртау, Мамай батыр, Герасимовка, Украинка, Таврия, Қасым Қайсенов және Ұлан ауылдары қамтылды. Тағы 33 млн теңгеге Макеевка, Бестерек, Қасым Қайсенов, Ново-Одесское, Саратовка және Таврия ауылдарының көшелері ағымдағы жөндеуден өтті. 

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив