Қырғызстанда қайтыс болған төрт баланың мәйіті Өскеменге жеткізілді, деп хабарлайды bizdinoskemen.kz тілшісі.
– Балалардың денесін арнайы бортпен Өскеменге жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін осы аймақтың барлық сала мамандарынан құралған жедел штаб құрылды, - деп көрсетілген әкімдіктің ақпаратында.
Жергілікті атқарушы орган мен мешіт қызметкерлері жерлеу рәсімін өткізуді өз мойындарына алды. Кәсіпорын өкілдері мен кәсіпкерлер қол ұшын созуға дайын екендіктерін айтты.
28 маусымда Қырғызстанның Ош облысы Науқат (қырғызша Ноокат - ред.) ауданында таудан сел келіп, жол, көпір, үйлерді ағызып алып кеткен. Оқиға салдарынан "Абшыр-Ата" демалыс базасында тоғыз адам қайты болған, олардың төртеуі кәмелетке толмаған қазақстандық балалар. Демалыс орынынан жалпы 1400 адам эвакуацияланған.
Ақмарал Мұхтарбекова