Үлбі өзенінің көтерілуіне байланысты көпір астындағы Протазанов көшесісіне шығатын жол уақытша жабылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды. Су деңгейін бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда. Уақытша шектеулер жағдай толық тұрақталғанға дейін сақталмақ. Қалған учаскелер су деңгейінің көтерілуіне қарай, қажеттілігіне байланысты жабылатын болады, - деп мәлімдеді қала әкімдігі.