Үлбі өзенінің көтерілуіне байланысты көпір астындағы Астана және Протазанов көшелеріне шығатын жолдар уақытша жабылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
“Бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қабылданды”, - деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Қазір мамандар су деңгейін бақылап отыр. Жол қозғалысы қауіп сейілгенге дейін шектеледі.