А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың оқырмандары Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алды.
Тағылымды іс-шара әйгілі батырдың 105 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған орай ұйымдастырылып отыр.
Оқырмандар дөңгелек үстел басында ашық диалог құрып, батырдың ерлік жолы мен өмірбаяны, жас ұрпаққа қалдырған өнегелі мұрасы жөнінде ой бөлісті.
Сондай-ақ Төлеген Тоқтаров туралы жазылған естеліктер мен кітаптарға шолу жасалып, батырдың тұлғалық келбеті жан-жақты сипатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар осындай тәрбиелік мәні жоғары кездесулердің маңызын атап өтіп, келешекте батырлар рухын ұлықтауға бағытталған танымдық, әдеби, ғылыми іс-шараларды жиі өткізу керектігін жеткізді.