Шығыс Қазақстанда көлік жолдарының бойына стробоскоптар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қызыл-көк түсті стробоскоптар жүргізушілердің назарын аударып, қауіпті аймақтар туралы хабар береді. Қазір жаңа стробоскоптар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 12 учаскесіне орнатылды.
– Стробоскоптар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, – дейді полиция қызметкерлері.
Айта кетейік, өңірде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы жүріп жатыр.