Өскеменде «Есенгелді би тарихы мен шежіресі» кітабының тұсаукесері өтті.Аталған еңбек – Тарбағатай өңірінің көрнекті перзенті, елге сыйлы би, дана мәмілегер, мемлекет қайраткері Есенгелді биге арналған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл кітап тек шежіре ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени маңызы зор зерттеу. Онда бидің бес Саты, алты Жұмық деген екі үлкен әулетінен тараған ұрпақтарының генеалогиясы жан-жақты зерделенген.
– Кітапты жазудағы басты мақсат – өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, бабалар мұрасын ұлықтау, – дейді кітап авторы.
Кітапта Есенгелді бидің ел ішіндегі орны, шешендік өнері, жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен ашылып көрсетілген. Бұл – тұтас бір әулеттің тарихын баяндайтын рухани мұра.
Еңбек ауызша деректерге, архивтік құжаттарға және көнекөз қариялардың естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Шығарма тарихи шындыққа негізделіп, жүйелі түрде ұсынылған.