ШҚО-да жағажайларда тіркеусіз жұмыс істеген кәсіпкерлер анықталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 12:24 0

15 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Туризм объектілерін әкімшілендіру" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш туризм объектілеріне өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы есеп берді.

"ШҚО аумағында  Бұқтырма су қоймасы жағалауында, Сібе, төменгі және жоғары Тайынты ауылдарында 1082 бизнес субъектілермен және жеке тұлғалармен бизнес объектілерін санкциялау бойынша көшпелі семинар өткізілді. 2024 жылдың 23-24 мамырында Алтай қаласында және Үлкен Нарын ауылында, 30-31 мамырда Ұлан және Самар аудандарында, сондай-ақ 19 маусымда Өскемен қаласында бизнес субъектілерімен әртүрлі бағыттарда семинар өткізілген болатын", - деді ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Сайранқан Қабышұлы.

Сондай-ақ тексеру кезінде тіркеусіз жұмысын істеген кәсіпкер, лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан және онлайн бақылау кассасыз жұмыс істеген тұлғалар да анықталған.

"Алтай қаласында, Ұлан және Самар аудандарында, Бұқтырма су қоймасы, Сібе жағалау учаскелерінде шкі істер басқармалары және "Atameken" кәсіпкерлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп тексеру басталды. Ресми тексеру кезінде салық заңнамасының әртүрлі бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, кәсіпкер ретінде есептен шығарылған Алтай ауданының кәсіпкері іс жүзінде жағалауда өз қызметін жалғастырған. Маусымның ең пайдалы кезін пайдаланып, тіркеусіз жұмыс істеген. Бұндай жағдай Самар ауданында да анықталды. Сонымен қатар, тексерулер нәтижесінде біз заң бұзған 13 тұлғаны анықтадық. Олар алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан. Жалпы көлемі 10 млн теңге тәркіленді. Бақылау касса машинасы бойынша чек беру бастапқы талаптардың бірі болып табылады. Салық төлеуші тауарларды сату кезінде төленген суммаға чек беруі тиіс. Барлығы бақылау касса машиналарын міндетті түрде қолдануы керек. Тексеріс барысында 2 бақылау кассасының жоқтығы анықталды. Заң бұзушылыққа 284 бап бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Яғни, әкімшілік құқық кодексі бойынша 1-ші рет ескерту беріледі, қайта қайталанатын болса 55.380 теңгеден 184.600 теңгеге дейін айыппұл салынады", - дейді ол.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив