фото: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстанда ата-анасының рұқсатынсыз ауылдан қалаға шығып кеткен жасөпірім іздестірілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Облыс орталығындағы полиция қызметкерлері жасөспірімді бейнебақылау жүйесі арқылы іздеп тапты.
– Қаладағы бейнебақылау жүйесіне кәмелет жасқа толмаған баланың фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, даңғыл бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтады. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды, – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.