Елімізде Екінші дүниежүзілік соғыстың 111 ардагері тұрады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
- 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде 83 048 ардагер тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының 111 ардагері, жеңілдік бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, басқа мемлекет аумағындағы ұрыс-қимылға қатысқан 26 553 ардагер, ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері болған 39 588 ардагер бар, - делінген хабарламада.