Жол шұңқырлары жөнделіп жатыр – Өскемен

шартты сурет

шартты сурет

ЖАҢАЛЫҚТАР 16-04-2025, 16:35 0

Өскеменде жол шұңқырлары жөнделеді. Қазір алты жерде жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жалпы мұндай жұмыс 145 жол учаскесінде жүргізіледі деп жоспарланған.

Қазір бірінші кезеңде жөнделетін 18 учаскенің алтауында жұмыс басталып кетті. Атап айтсақ, Абай даңғылы, Рейш көшесі, Брусиловский көшесі, Шәкәрім даңғылы, Назарбаев даңғылының қосалқы көшесі және «Темірлан» балабақшасының алдындағы жол. Жол шұңқырларын жөндеуге төрт мердігер ұйым жауапты.

Сондай-ақ әкімдік өкілдері Ертіс көпірінде қазір техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив