Өскеменде биыл қай көшелер жөнделеді?

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 15:41 0

Биыл Өскеменнің қай көшелері жөнделетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

2025 жылы мына учаскелерде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі:

Абай даңғылы – Интернациональная көшесінен «Ескі подхоз» аялдамасына дейін;

Шәкәрім даңғылы – Абай даңғылынан Үлбі көпіріне дейін;

Қабанбай батыр көшесі – Новаторов көшесінен Малдыбаев көшесіне дейін;

Интернациональная көшесіндегі Үлбі көпірі;

Рейш көшесі;

Назарбаев даңғылының қосалқы жолы – Виноградов көшесінен 30-шы Гвардиялық Дивизия көшесіне дейін;

Қазақстан көшесі – Горький көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін;

Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі жол;

Севастопольская көшесі;

Көкжал Барақ көшесі – Сәтбаев даңғылынан Солтүстік магистраль көшесіне дейін;

Вешный тұйық көшесі – Согринская және Егоров көшелерінің тұсы;

Геологическая көшесі;

«Болашақ» шағын ауданының орталық көшесі;

Автовокзал ауданындағы Евгений Брусиловский көшесі;

Абай және Шәкәрім даңғылдарынан 1-ші қалалық ауруханаға баратын жолдар;

20-шы шағынаудандағы Иванов көшесі;

21-ші шағын аудандағы спорт алаңы және балабақшаға апаратын орталық көше;

Крылов көшесінің тұсындағы Үлбі көпірі.

«Сондай-ақ тағы 56 жол учаскесіне қиыршық тас төселеді», - деп мәлімдеді қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.


 

 

 

 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив