16-17 сәуірден бастап жылу өшеді. Бұл туралы Өскемен әкімдігі хабарлады.
Бұған дейін "Шығыс жылу" кәсіпорнының өкілдері ауа райы тұрақсыз болғандықтан жылу нақты қай күні өшетіні белгісіз екенін айтқан болатын.
Бірақ соңғы үш күнде ауа райы қолайлы болғандықтан жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданыпты. Қазір жұмыс процесін бастау үшін әкімшіліктен хат күтілуде.
Айта кетейік, жылуды өшіру кезең-кезеңімен жүреді.