Өскеменде жылу жүйесінің жұмысы қашан тоқтайтыны белгісіз. Өйткені алдағы тәуліктерде күн салқындайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen
«Шығыс жылу» кәсіпорнының өкілдері нақты қай күні жылу өше бастайтынын айта алмай отыр. Мамандардың айтуынша, ауа райы әлі де тұрақсыз. Өңірде күн салқындайды деген болжам бар.
Күн райы тұрақталған соң ғана жылу біртіндеп өшеді.