Су тасқыны: Алтай мен Марқакөл ерекше бақылауда

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 10:22 0

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы қалың қардың көбесі сөгілгенімен, сай-саладағы қар толық еріп біткен жоқ. Сол себепті мамандар мен аймақ басшысы су тасқыны болуы ықтимал аудандар ерекше бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданына барып, су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, тасқындарға дайындықты тексерді. Соловьево ауылында Березовка өзені арқылы жаңадан салынған көпір мен бөгетті қарап шықты. Бұл жерде өзен арнасын тереңдету, тазарту жұмыстары және ұзындығы 1000 метрлік бөгетті нығайту шаралары жүргізілген.

– Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Себебі Алтай және Марқакөл аудандарында қар мөлшері өте көп түсті, сондықтан бұл аймақтар ерекше бақылауда. Алтай ауданында су басу қаупі бар аймаққа Богатырев су қабылдағышының бір бөлігі мен 13 елді мекен кіреді. Бұл елді мекендерді қорғау үшін 18 бөгет жасалған, алдын алу шаралары жүргізілді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар 1968 жылы салынған және ағын суды реттеуге арналған Екінші өзендегі гидротехникалық нысан мен су ағынын реттейтін құрылғылардың (шлюздердің) жай-күйін тексерілді. Қазіргі уақытта бұл ГТС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, барлық су өткізу құбырлары тазартылған.

Сапар барысында облыс әкімі тасқын қаупі кезеңіне арналған техникалардың дайындығын да бақылап шықты. Алтай ауданында жедел әрекет ету жасағының 105 қызметкері мен 44 техника дайын тұр.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Алтай қаласындағы екінші өрт сөндіру бөлімшесінің құрылыс орнына да барды. Ол бұл нысанның төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақыты мен қызмет көрсету аумағын арттыру үшін қажеттігін атап өтті.

Барлық гидробекеттерде күнделікті мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны жағдайы өңірлік штабтың тұрақты бақылауына алынған.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив