Трамвайда 80-нен асқан қарттар жолақы төлемейтін болды – Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 09:48 0

Бұған дейін жасы сексен жастан асқан тұрғындар трамваймен тегін жүре алмайтынын жазған болатынбыз. Енді бұл талап өзгеріп, қарттар трамвайда жолақы төлемейтін болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өскемен қаласының әкімдігі 80 жастан асқан қарттарға арналған трамвайда тегін жүру жеңілдігі сақталатынын хабарлады.

– Өскемен қаласының әкімдігі 80 жастан асқан азаматтарға арналған жеңілдіктер толық көлемде сақталады, – деп хабарлады.

Осы жас санатындағы жолаушылар үшін трамвайларда жол жүру ақысы тегін — көлік картасын валидаторға тигізудің қажеті жоқ.

Бұған дейін көлік компаниясы жасы сексеннен асқан тұрғындар трамвайда жол ақы үшін 50  теңге төлейді деген болатын.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив