Трамвайда 80-нен асқан қарттар да жолақы төлейтін болды - Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР 10-04-2025, 14:57 0

Бұған дейін жасы сексеннен асқан тұрғындар трамваймен тегін жүретін. Енді бұл жеңілдік те болмайды. Қарттардың жол ақысы - 50  теңге.

Бұл жеңілдікті көлік компаниясы өзі енгізген еді. Алайда жуықта болған тексеріс нәтижесінде трамвай паркінің өз бетінше жеңілдіктер жасауға құқығы жоқ болып шықты.

Енді жолаушылар дәл автобустағыдай жеңілдіктерді ғана қолдана алады(70 жастан асқан жолаушылар жеңілдік алады және тарифтің 55%, яғни 50 теңге төлейді). Көп балалы отбасылардан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын білім алушылардың ғана тегін жол жүру құқығы бар.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив